Өңірлер

Көкшетауда таксиге мінген жолаушы жүргізушіні зорлап кеткен

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуКөкшетауда таксиге мінген жолаушы жүргізушіні зорлап кеткен
Көкшетауда таксиге мінген жолаушы жүргізушіні зорлап кеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-тармақшасы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 2 маусым– Sputnik. Көкшетауда такси жолаушысы көлік рөлінде отырған әйелге тап беріп, оны зорлаған, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Такси - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағандыда жас жігіт 63 жастағы такси жүргізушісін пышақтап кеткен

Жәбір көрген әйелдің айтуынша, 31 мамыр күні түнде жас жігіт қаланың орталығында таксиге мінеді. Жолаушының талабы бойынша ол тұрғын үйлерден алыс жерде көлігін тоқтатқан. Осы жерде қаскөй оған жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасайды. Әйел бас тартқан соң ол бас салып, зорлайды. 

Әйел жарақаттарға қарамастан қашып құтылып, полицияға барады. 

Бірнеше сағат ішінде әйел суреттеген ер адамға ұқсайтын күдіктілер анықталады. Олардың ішінен жәбірленуші өзіне тап берген жігітті таниды. 

25 жастағы күдікті бұрын ауыр қылмыс үшін сотталған болып шықты. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. 


Жаңалықтар
0