Қоғам

Елбасы: заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі деуге әлі ерте

© Photo : РixabayБогиня правосудия - Фемида
Богиня правосудия - Фемида - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Кездесуде Мемлекет басшысына "100 нақты қадам" ұлт жоспары аясында сот реформасын іске асыру және сот төрелігін атқару жұмыстары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы сот жүйесінің және бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті.

"Азаматтар сотқа сенім артып, көмек алу үшін жүгінгенде, шешім әділ болып, олардың құқықтары нақты қорғалғанда ғана заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Қазір олай деуге әлі ерте", – деді Қазақстан Президенті. 

Архивное фото мужчины на скамье подсудимых - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокурор: халықтың жанына бататыны - тергеу мен сот үкімі

Мемлекет басшысы сот процесінде жарыспалылықтың жоқтығына тоқталып, адвокатураның дамуы әлсіз екеніне назар аударды.

"Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі барлық шаралар кешенді түрде атқарылуға тиіс. Жергілікті полиция жұмысына сын айтылуда. Бизнеске және салыққа қатысты тексерулер саны азаймай отыр. Осы саладағы жұмысты жөнге келтіру керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті

Қайрат Мәми Мемлекет басшысына құқық қорғау саласында жүзеге асырылған реформалар сот жүйесіне оң әсер еткенін баяндады.

"Республикада соттар тұрақты режімде жұмыс істеуде. Биыл 5 айдың ішінде соттарға 512 мыңнан астам қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер келіп түсті. Солардың 417 мыңнан астамы белгіленген процессуалдық мерзімде қаралды", – деді Жоғарғы сот төрағасы.

Бұдан бөлек, Мәми Қазақстан Президентіне азаматтардың соттарға шағымдануы көбейіп келе жатқаны, сондай-ақ электрондық сот жүйесін енгізу нәтижелері туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 


Жаңалықтар
0