Өңірлер

Петропавлда тасқын судан зардап шеккендер 50 миллион теңгеден астам өтемақы алды

© Sputnik / Елена БережнаяСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавлда тасқын судан зардап шеккен 140-тан астам отбасы өтемақыға қол жеткізді. Қалада 256 үй суға кеткен болатын

АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендер 50 миллион теңгеден астам өтемақы алды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Келтірілген зиянды бағалау бойынша жұмыстар 12 мамырда басталған болатын. Ал өтемақы төлеу 24 мамырдан бері жүргізіліп жатыр. Қазір зардап шеккендерге 52,6 миллион теңге қаражат төленді", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сәния Смайылованың сөзіне жүгінсек, табиғи апаттан зардап шеккен 146 отбасы өтемақы алған.

Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда тасқын судан зардап шеккендерге төлемақы беріле бастады

"Осы мақсатта жұмсалатын қаражат қала бюджетінде қарастырылған. Тәуелсіз бағалаушылар жүргізген бағалау нәтижелері арыз берушілермен келістірледі. Ақшалай өтемақы уақытылы төленеді", — деп атап өтті Смайылова.

Тасқын кезінде қала аумағында барлығы 256 үй суға кеткен.

Жаңалықтар
0