АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге төлемақы беру басталды, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараттық жиналыста бір апта ішінде қаржатты төлеп бітруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өңірдің басшысы Құмар Ақсақалов өңірдегі су тасқынының салдарын барынша тезірек жою қажеттігін атап өтті.
"Кеше су басқан аймақтарды аралап шықтым: адамдардың бақшасын су алып кеткен, көптеген жерде су сорылмапты. Яғни адамдар егін егіп, өнім жинаудан құр қалайын деп тұр, маусым айы келе жатыр", — дейді облыс әкімі.
Ол қаланың арнайы техникамен қамсыздандырылғанын атап өтіп, тіпті лайды сорып алатын сорғыштардың да алынғанын еске салды.
Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев айтқандай, өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге төлемақы тарату басталды.
"Петропавл қаласы бойынша төлемақы беру басталды: 100 отбасы 32 миллион теңге алды. Қазір қала бойынша бағалау жұмыстары жалғасуда, қаражат жағынан ешқандай проблема жоқ. Қызылжар ауданы туралы айтар болсақ, төлемақы беру басталған. 14 үй бойынша төленіп бітті, жалпы қажетті сома 67 миллионды құрайды. Рузаевка бойынша да ешқандай қиындық жоқ: жұрт қандай үй алғысы келсе, сондай үйге қол жеткізді, сегіз үй сатып алынып, екі отбасы бас тартқандықтан, төлемақы төленді", — деп мәлімет берді Сақыпкереев.