Өңірлер

Байқоңыр қаласының басшысы ауысты

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуКонстантин Бусыгин
Константин Бусыгин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тағайындалған қала басшысы бұдан бұрын Ресейде Мемлекеттік шекараны орналастыру бойынша федералдық агенттіктің басшысы қызметін атқарған

АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Константин Бусыгин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен Байқоңыр қаласының басшысы болып тағайындалды.

Байқоңыр - Sputnik Қазақстан
Астана мен Мәскеу "Байқоңыр" бойынша ынтымақтастықты кеңейтпек

Константин Бусыгин бұған дейін Мемлекеттік шекараны орналастыру бойынша федералдық агенттіктің басшысы қызметін атқарған.

Келесі аптада Байқоңыр қаласында "Байқоңыр" ғарыш айлағы бойынша үкіметаралық комиссияның отырысы болады, онда ғарыш айлағы инфрақұрылымының даму басымдықтары, "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланып, болжам бойынша, Бусыгин жаңа қызметіне кіріседі.

Байқоңырда қала басшысының ауысатыны туралы ақпарат бірнеше ай бұрын шыққан болатын. Өткен аптада нақты шешім қабылданып, дүйсенбі 30 мамыр күні екі ел президенттері жаңа басшыны бекітті.

Жаңалықтар
0