Өңірлер

Алматыда жезөкшелер үйін ашқан Оңтүстік Корея азаматы сотталды

© Photo : ДВД АлматыЖеңіл жүрісті қыздар
Жеңіл жүрісті қыздар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер мен әйел арнайы сол үшін караоке ашып, жезөкшелер үйіне айналдырған

АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында жезөкшелер үйін ашқан Оңтүстік Корея азаматына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

құлдық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада тараздық жігіт қалыңдығын секс-құлдыққа сатып жіберген

Істің дерегіне сүйенсек, Корея Республикасының азаматы бір әйелмен келісіп, бизнес жүргізбек болған, яғни Алматыда жезөкшелер үйін ашыпты. Сөйтіп, ол коттедж жалдап, "Бэлла" атты караоке қылып жабдықтайды.

Сот Оңтүстік Корея азаматын ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігі 1,2-пункттерінде қарастырылған қылмыстар жасағаны үшін айыпты деп таныды және оны 3,5 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Ал әйел адам сол бап бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0