Оқиға

Астанада тараздық жігіт қалыңдығын секс-құлдыққа сатып жіберген

© Public Domainқұлдық
құлдық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын соңды да ер кісінің алдау жолмен адамдарды құлдыққа тартқаны анықталды

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Тараз тұрғыны өзінің жүретін қызын Астанада сексуалды пайдалануға сатқан, деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Полицияның хабарламасына сәйкес, 33 жасар жігіт Алматыда Алматы облысының 20 жасар тұрғынымен танысқан. Ол қызды Астанаға алып келіп, анаммен таныстырып үйленемін деп уәде етеді. Алайда елордаға келген соң ол қызды азамат А-ға интимді қызмет көрсету үшін 50 мың теңгеге сатып жібереді. 

Полицейлер анықтағандай,  ер адам бұрындары да осыған ұқсас қылмыс жасаған. Оған  қатысты қазір ҚР ҚК-нің 128-бабы бойынша іс тергеліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.


Жаңалықтар
0