АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің үлкен қызы ЭКСПО халықаралық көрмесінде ерікті болып жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
"Мен ЭКСПО көрмесіне билет алған жоқпын. Балаларым сатып алды. Менің үлкен балам көрмеде екі ай бойы ерікті болып жұмыс істейді, — деді Қасымбек БАҚ өкілдеріне.
Ашық дереккөздерге сүйенсек, Жеңіс Қасымбектің төрт баласы бар. Министр Ақерке (1997 жылы туған), Жансая (2000 жылы туған), Ләйлім (2003 жылы туған) есімді қыздар мен Мәди (2006 жылы туған) есімді ұлдың әкесі.
ЭКСПО халықаралық көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.