Қоғам

Білім министрлігі мұғалімдерді ЭКСПО билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуге шақырды

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана готовится к ЭКСПО
Астана готовится к ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР БҒМ көрме билеттерін сатып алуға байланысты қандай да бір бұйрық жасамағанын, сонымен қатар мұндай әрекеттерге қарсы екендігін жеткізеді

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Білім және ғылым министрлігі ЭКСПО билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуге шақырды. 

"ЭКСПО-2017 көрмесі әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналуы тиіс, сондықтан да көпшіліктің осынау әлемдік маңызы бар ауқымды шараның өткізілу құрметі еліміздің еншісіне тигендіктен, оған қатысу ниеті, билеттерді сатып алуы – патриотизмнің белгісі", — деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Продажа билетов на Международную специализированную выставку ЭКСПО-2017 в Астане - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО көрмесіне билет алуға азаматтарды жергілікті әкімдіктер мәжбүрлейді

Бұл ретте Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың басшыларын мұғалімдерді көрме билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуге шақырады. 

"Өз тарапынан ҚР БҒМ көрме билеттерін сатып алуға байланысты қандай да бір бұйрық жасамағанын, сонымен қатар мұндай әрекеттерге қарсы екендігін жеткізеді", — делінген хабарламада. 

Министрліктің позициясы айқын:  халықаралық көрме басталар алдында ауқымды түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізіліп, шараның мәні мен маңызын, оның заманалық һәм әлемдік деңгейдегі оқиға екендігін жеткізіп, көпшіліктің шынайы қызығушылығын тудыру қажет.

"Шын мәнінде, қазақстандықтар өз жерінде бұрын-соңды болмаған шараға қатысып, көрме павильондарын көріп, отандық қана емес, ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысу ниетін білдіріп, дайындалып жатқан елдердің мәдениет, экономика, ғылым, жаңа технологиялар – қай салалары болмасын, бүгінгі ең үздік үлгілерімен танысудың бірден-бір мүмкіндігіне ие болып отыр", — деп атап өтті министрліктегілер. 

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. 
Жаңалықтар
0