Өңірлер

Талдықорғанда мотоциклшіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

© Photo : Wolfgang BeisswengerМотоцикл
Мотоцикл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мотоциклмен соқтығысып, жол апаты орнынан қашып кеткен жүргізуші полицияға ұсталды

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Талдықорған полицейлері мотоциклшіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен Audi жүргізушісін ұстады, деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Алматыдағы ажалды жол апаты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түнде Алматыда екі ажалды жол апаты болды

30 мамыр күні кешке Талдықорған көшелерінің бірінде Audi қарама-қарсы келе жатқан Suzuki мотоциклімен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан 32 жастағы мотоциклші әртүрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жатқызылды, ал жүргізуші жол апаты орнынан қашып кетті.

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде қашып кеткен жүргізуші табылып, ұсталды, ол 1988 жылы туған жергілікті тұрғын екен. Полицияға жеткізілген ер адам кінәсін мойындап, түсініктеме берді.

Тиісті сараптамалар тағайындалған. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жүргізушіге 2 мың АЕК айыппұл салынып, тіпті екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0