Қоғам

Абаев: Ұлттық пантеон керек екені күмәнсіз

© SputnikДәурен Абаев
Дәурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет қаулысымен Ұлттық пантеон туралы ереже бекітілді

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халқымызға ұлттық пантеон керек деп есептейді.

Жұмысшылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әбу-Даби Плазаның" ең биік мұнарасы 2018 жылы салынып бітеді

"Пантеон керек екені күмәнсіз. Бұл біздің еліміздің ойлап тапқаны емес қой. Әлем тәжірибесі. Екінші жағынан, адамдарды елді дамытуға қосқан үлесі үшін ұлықтау керек қой", — деді бүгін Абаев БАҚ өкілдеріне.

"Кезінде министр немесе әкім болған, бірақ жемқорлық үшін ұсталған азаматтар да пантеонға жерлене ме?" деген сұраққа министр "пантеон ережесін дайындаған адамдардан сұраңыздар" деп жауап берді.

"Түркістанмен салыстыруға болмайды. Ол кесене. Пантеонның ойы да, концепциясы да басқа", — деді Абаев.

Жаңалықтар
0