Өңірлер

Отбасында жанжал шығарған әке тоғыз жасар ұлын ұрып-соқты

© Photo : Arek SochaБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отбасындағы ұрыс-керіс кезінде тоғыз жасар бала анасын қорғамақ болған

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Ер адам отбасындағы жанжал кезінде әйелі мен тоғыз жасар баласын соққыға жыққан, деп жазады өңірлік "Мой город" басылымы.

Әйел баласымен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Анасы ұрып-соққан төрт жасар қыз үйіне қайта оралды

Махамбет ауылында тұратын әйел ұлымен бірге облыстық ауруханаға келген, екеуі де әртүрлі дене жарақатын алыпты.

"Жақында облыстық ауруханаға Махамбет ауылының 32 жастағы тұрғыны келді, дене жарақатын алған екен. Ол дәрігерге қаратуға тоғыз жасар ұлын да ертіп келіпті. Кейінірек анықталғандай, отағасы тұрмыстық жанжал кезінде әйеліне қол көтерген. Сол сәтте анасын қорғауға ұмтылған бала да соққының астында қалған екен", — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі басылымға.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан соң, 36 жастағы ер адам жауапқа тартылады.

Жаңалықтар
0