"Бастапқы болжам бойынша, маусым айының алғашқы жартысында елімізде ауа райы жаңбырлы болады, ал екінші жартысында — салыстырмалы түрде жауын-шашын аз жауады. Ауа температурасы да ауытқиды, түнде — 7-12 градус жылы болса, күндіз 25-26 градустан 30-31 градусқа дейін көтеріледі", — деді "Казгидромет" диреткоры Марина Шмидт.
Елордамызда Халықаралық көрменің ашылуы қарсаңында аспан ашық, жауын-шашынсыз болмақ. Алайда 10 маусым күні, мамандардың айтуынша, Астанада өткінші жаңбыр жауады.
Синоптиктер атап өткендей, ЭКСПО көрмесі өтетін 93 күн ішінде ауа райы әртүрлі қырынан танылады, сол себепті тұрғындар мен қонақтардың сақ болғаны жөн.
"Қауіпті құбылыстар критерийі бойынша, жылдамдығы 15 м/с асатын жел Қазақстан үшін қауіпті құбылыс болып табылады. Әр ел үшін қауіпті құбылыс критерийі әртүрлі. Жылдамдығы 30 м/с жел еліміз үшін табиғаттың апатты құбылысы болып саналады", — дейді Марина Шмидт.