Өңірлер

Синоптиктер "Мәскеу дауылының" тақап келе жатқаны туралы мәліметті жоққа шығарды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚатты жел
Қатты жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР ІІМ вице-министрі Юрий Ильин еліміздің батыс және солтүстік өңірлеріне циклон келетіні туралы ескерткен болатын

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Синоптиктер Мәскеудегі дауылға себеп болған фронттардың Қазақстан аумағына келетіні туралы Юрий Ильиннің мәлімдемесін жоққа шығарды.

жаз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда сәрсенбіде жауын-шашын тоқтайды деп болжайды синоптиктер

"Атап өтсем, Төтенше жағдайлар қызметтері халықтың қауіпсіздігін сақтау үшін мемлекеттік және жергілікті органдарды хабардар ету мақсатында жарияланатын дауылды ескертулерді тұрақты түрде алып отырады. Алайда кеше Ильин "Қазгидромет" ақпаратына негізделмеген өзінің жеке болжамдарын айтып, халықтың үрейін туғызды", — деп мәлімдеді "Қазгидромет" директоры Марина Шмидт.

Мәскеудегі дауыл скандинавиялық циклонның әсерінен болған еді. Табиғи апат салдарынан Мәскеудің 11 тұрғыны, Мәскеу облысының 5 тұрғыны қаза тапты.

Жаңалықтар
0