Өңірлер

Қазақстанда сәрсенбіде жауын-шашын тоқтайды деп болжайды синоптиктер

© Sputnik / Болат Шайхиновжаз
жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

АСТАНА, 31 мамыр— Sputnik. Қазақстанның территориясының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, сонымен байланысты жауын-шашынның тоқталуы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Ақмола  облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді,  екпіні 25 м/с болады, түнде және таңертең тұман бақыланады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, түнде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола,Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

 

Жаңалықтар
0