Экономика

Елбасы Қазақстан теңге сарайы шығарған алтын құймаларды сатып алды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАлтын құймалар
Алтын құймалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банкі сатуға шығарған алтын құймалардың алғашқы сатып алушысы болды

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Қазақстанда халық арасында тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске қосылды, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк басшысы теңге бағамының кенеттен өзгеруін түсіндірді

Оның сөзіне жүгінсек, бұл жоба бойынша дайындық жұмыстары аяқталған, бүгіннен бастап алтын құймалар сатылымға шығарылады.

Құймаларды Қазақстанның теңге сарайы қазақстандық шикізаттан жасап, төрт түрде ұсынған: 10, 20, 50 және 100 грамдық. Олар филиалдық желілері ауқымды, екінші деңгейлі банктер арқылы сатылады.

Данияр Ақышев құймалардың бағасы жөнінде де мәлімет беріп өтті. 10 грамдық құйма — 127 мың теңге, 20 грамдық құйма — 254 мың теңге, 50 грамдық құйма — 635 мың теңге, 100 грамдық құйма — 1270 мың теңге.

"Алтын құймаларды сатып алуда әлемдік нарықтағы алтын құны және ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты тәуекелдер бар. Алтын қымбаттап немесе арзандап кетуі де мүмкін. Сол себепті азаматтар инвестициялық шешімдерді өз беттерімін қабылдауы тиіс", — деп ескертті Ұлттық банк төрағасы.

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, Қазақстанның теңге сарайы шығарған алтын құймалардың алғашқы сатып алушысы Мемлекет басшысы болды.

"Кеше Астанадағы Ұлттық банк бөлімінде Президент атына алтын құймалардың барлық түрін — 10 грамнан 100 грамға дейін — сатып алуға кассалық кіріс ордері шығарылды. Азаматтарымыз да Елбасынан үлгі алып, алтын құймаларды сатып алады деп үміттенемін", — дейді Данияр Ақышев.

Жаңалықтар
0