Қоғам

Алматыда Елбасы сауда жасаған Carrefour гипермаркеті жабылады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуСупермаркет
Супермаркет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемге әйгілі сауда желісі Қазақстанда небәрі 1,5 жыл жұмыс істеді

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Алматыдағы Carrefour гипермаркеті 2 шілдеде жабылады, бұл туралы Facebook желісіндегі Carrefour Kazakhstan ресми парақшасында хабарланған.

Дүкен - Sputnik Қазақстан
Әлем
Amazon Сиэтлде сатушысы да, кассасы да жоқ дүкен ашады

Әлемдегі екінші ірі (бірінші орында америкалық Wall-Mart) француз дүкендер желісі Carrefour Алматыда бірінші дүкенін ашып, Қазақстан нарығына шыққандығын мәлімдеген болатын, дүкен сөрелерінде 30 мың түрлі тауар ұсынылған еді.

Гипермаркеттің алғашқы тұтынушыларының бірі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып, отандық өндіріс тауарларын сатып алған болатын.

© Photo : Ақорда баспасөз қызметіЕлбасы Carrefour гипермаркетінің ашылуында
Елбасы Carrefour гипермаркетінің ашылуында - Sputnik Қазақстан
Елбасы Carrefour гипермаркетінің ашылуында

Қазақстанда он шақты Carrefour дүкені ашылуы тиіс еді.

Жаңалықтар
0