Әлем

Amazon Сиэтлде сатушысы да, кассасы да жоқ дүкен ашады

Жазылу
Сауданы ұялы телефондағы қосымша қадағалап отырады, ал ақысы карточка арқылы төленеді.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik.  Америкалық Amazon 2017 жылы Сиэтл қаласында Amazon Go атты азық-түлік дүкенін ашады, бұл дүкенде кассалық қызмет көрсету және толассыз кезектер болмайды деп хабарлайды РИА Новости.

Сауда жасау үшін смартфонға тегін қосымша қондырып алу қажет. Сауда жасар кезде сатып алушы қосымшадағы жеке QR-кодын іске қосуы керек. Содан кейін бағдарлама тұтынушының қандай затты алғандығын автоматты түрде бақылай бастайды.

"Біздің технология қай заттың сөреден алынып немесе қайта қойылғанын виртуалды себетте бақылап отырады", — деп түсіндіреді компания.

Компанияның берген уәдесі бойынша, қажетті заттарды алған соң, тұтынушылар дүкеннен шығып кете береді, ал сауда ақысы Amazon-ға тіркелген карточка арқылы төленеді. 

"Ешқандай кезек, ешқандай касса болмайды", — деп сендіреді Amazon.

Жаңалықтар
0