Мәдениет

Францияда Димаштың 95 жастағы жанкүйері бар

Жазылу
Францияда 95 жастағы қарт әжей Димаштың өнеріне тәнті

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Францияда Димаш Құдайбергеннің фанклубы бар, әншінің өнеріне тәнті жанкүйерлердің арасына 95 жастағы қарт әжей бар екен.

Димаш Кудайбергенов во Франции - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Global Gift Gala кешінде қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, Ева Лонгориямен биледі

Францияда 70-ші мерейтойлық Канн фестивалінің аясында отандық кинематография тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық кинопавильоны ашылған болатын. Димаш Құдайберген Қазақстан павильонының ашылуы салтанатында өнер көрсетті.

"Біздің киноға қызығушылық бар. Ұлттық павильонға 700-ден астам кәсіби маман қызығушылық танытты. Тіпті Димаштың жанкүйлері де келді. Оның Францияда фанклубы бар екен. Олардың арасында қариялар да бар көрінеді. 95 жастағы әйел келіп, Димашты көргісі келген", — деді бүгін Канн фестивалінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Ұлттық кинематография өнері және ғылымдары академиясының президенті Рашид Нұғыманов.

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық павильонының ашылуы отандық кинематография үшін серпіліс, халықаралық алаңға шығудың мүмкіндігі болды. Канн фестивалі екі апта бойы қазақстандық кинематографистердің жұмыстарын көрсету, фильмдер, жобалар мен қызметтерді жарнамалау үшін кәсіби кездесулер мен келіссөздер өткізу мақсатында бірегей алаң ұсынды.

Жаңалықтар
0