Мәдениет

Димаш Global Gift Gala кешінде қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, Ева Лонгориямен биледі

Жазылу
Димаш Құдайбергенді америкалық актриса Ева Лонгория шақырған болатын

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Димаш Құдайберген Парижде Global Gift Gala қайырымдылық кешінде әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, ән шырқады. 

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Global Gift Gala қайырымдылық кешіне белгілі америкалық актриса Ева Лонгория шақырған болатын. Димаш кеште All by myself әнін орындады. Айта кетейік, бұл әнді Димаш Қытайда Singer байқауында тоғызыншы турда шырқаған еді. 

Публикация от DIMASH WORLD FANS CLUB 🇰🇿 🇰 🇿 (@dimashworld) Май 16 2017 в 7:40 PDT

Global Gift Gala қайырымдылық кешінде Димаш әртіс, продюсер Мария Бравомен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті. 

@kudaibergenov.dimash The #GlobalGiftGala @fsparis #GGGParis17#dimashkudaibergen #MariaBravo @mariarbravo founder of #globalgiftfoundation

Публикация от Global Gift Foundation (@globalgiftfoundation) Май 16 2017 в 10:34 PDT

Сондай-ақ, желіде Димаштың кеште Ева Лонгориямен бірге билеп жүрген сәті жарияланды.

Айта кетейік, Global Gift Gala — мұқтаж жандарға көмек көрсетуді мақсат еткен халықаралық бастама. Бұл шара Global Gift Foundation бастамасымен өтеді. Әр жылдары бұл шараға Виктория Бекхэм, Рики Мартин, Николь Шерзингер және тағы басқа жұлдыздар қатысқан. 

Гала-кештің ұйымдастырушысы — америкалық әртіс және продюсер Ева Лонгория. Оның өз қайырымдылық қоры The Eva Longoria Foundation бар. 


Жаңалықтар
0