АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Үш әлемге әйгілі суретші Эндрю Роджерс, Марк Форнес және Сәкен Нарынов Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аумағында айрықша өнер нысандарын жасап шығарды.
Осыған байланысты Қазақстан әлемдік бейнелеу өнерімен ұштасып, Астана ірі халықаралық мәдени орталықтар Париж, Нью-Йорк және Лондон қалаларымен теңесті, деп атап өтті "Еуразиялық Мәдени Альянс" қоғамдық бірлестігі.
"Заманауи суретшілердің туындысы қалаға жаңа реңк беріп, келбетін қалыптастырады. Сол нысандарға қарап, біз қаланың сипатын, қоршаған ортамызды сезінеміз. Сол себепті жоғары бейнелеу өнері құндылығын көрсететін өнер нысандарын Астанаға әкелу үшін бар күшімізді салдық. Эндрю Роджерс, Марк Форнес және Сәкен Нарыновтардың жұмысы заманауи қаламызға жаңа серпін беріп, ерекше көркейте түсті", — дейді "Еуразиялық Мәдени Альянс" директорының орынбасары Ольга Веселова.
Бұдан бөлек, ЭКСПО аумағында төрт қоғамдық "Шығармашылық энергия аймағы" пайда болады — Жел, Су, Жер және Күн.