Мәдениет

Limp Bizkit және Би-2 концерттеріне билет сатыла бастады

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуLimp Bizkit тобының гистаристі
Limp Bizkit тобының гистаристі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Концерттерге билет құны 1000 теңгеден басталады. Алайда көпшілік концерттердің бағасы 6000 теңгеден басталады.

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Дүние жүзіне танымал музыкалық ұжымдар мен әншілер ЭКСПО-2017 кезінде Астанаға концертпен келеді. Көрменің ресми сайтында олардың көпшілігіне билеттер сатыла бастады. 

Билет құны 1000 теңгеден басталады. Алайда көпшілік концерттердің бағасы 6000 теңгеден басталады. 

Мумий Тролль мен Би-2 "Сарыарқа" велотрек сахнасында 1 шілдеде өнер көрсетеді. Олардың концерттеріне билеттер құны алты мың мен 23 мың теңге арасында. Limp Bizkit сол жерде 12 тамызда ән шырқайды. Кез келген билетті 6000 теңгеге сатып ауға болады.


Жаңалықтар
0