Қоғам

Адвокаттар халыққа тегін қызмет көрсетуі мүмкін

© Photo : РixabayБогиня правосудия - Фемида
Богиня правосудия - Фемида - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте нотариат және адвокатура институттарын дамыту және реформалау бағыттары талқыланды

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik."Probono" жүйесі аясында адвокаттар халықтың әлжуаз тобына тегін заңгерлік көмек көрсетеді, деп хабарлады ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

"Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстанда адвокатура институтын дамыту үшін "Probono" жүйесін енгізу керек. Бұл жүйені енгізу үшін адвокаттарды жылына белгілі бір мөлшерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсетуге міндеттеу керек. Бұл ретте қызметтің ақысы бюджеттен өтелмейді", — деді Бекетаев Мәжілісте өткен отырыста.

Марат Бекетаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: адвокат мәртебесін алу үшін үміткер 1 млн теңге төлейді

Әрі ол, министрдің айтуынша, тоқсан сайын адвокаттар алқасына осы көмек туралы есеп беруі тиіс.

"Probono" халықтың әлжуаз тобына тегін заңгерлік көмек көрсетуге қатысты. Бұл жүйе клиент заңгерді таңдаған кезде маңызды өлшемдердің бірі болып табылады. Probono" жүйесі аясындағы сапалы жұмыс заңгерге деген сенімді нығайтады және оның табыстылығының айқын белгісі болады", — деді министр.

Жаңалықтар
0