Өңірлер

Шымкентте полиция баласын күрекпен ұрған әкені ұстады

© AFP 2024 / HASSAN AMMARКүрек ұстаған ер адам
Күрек ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автокөлік дөңгелектеріне қысылған кішкентай бала соққыдан қорғана да алмаған

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Шымкент полицейлері баласын күрекпен ұрған әкенің кім екенін анықтап, ұстады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

жан сақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте анасы ұлын өлімші етіп сабады

25 мамыр күні әлеуметтік желілерде белгісіз бір ер адам төрт-бес жасар ұл баланы соққыға жыққан видео пайда болды.

Аталмыш дерек ҚР ҚК 110-бабы бойынша сот алды тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді.

Екі күннен соң, 27 мамыр күні Еңбекшіқазақ АІІБ қызметкерлері баланың әкесі, 1968 жылы туған ер адамды ұстады.

 

 

"Қазір онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Болған жайттың анық-қанығын білуде. Бірқатар сараптамаға тағайындалған, оның ішінде сот-медициналық сараптама да бар", — деп хабарлады полиция.

Сот алды тергеу ісі жалғасуда.

Жаңалықтар
0