Қоғам

Білім министрлігі болашақтықтарды жұмыстан шығаруға тыйым салды

© Sputnik / Ксения ВоронинаБолашақ
Болашақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Білім министрлігінің жұмыс тобы Халықаралық бағдарламалар орталығындағы шулы оқиғаны тексеруді бастап, алғашқы шешімді қабылдады

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Халықаралық бағдарламалар орталығына үш ай ішінде қызметкерлерді жұмыстан шығаруға тыйым салды.

Болашақ ХБО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Болашақ" бағдарламасына қатысты хаттағы қолдардың біразы "жалған" болып шықты

Бұдан бұрын, Орталықтың 25 қызметкері басшыларының әрекеттеріне қатысты Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен білім және ғылым министрлігіне шағым жазған. Үндеудің мәтіні БАҚ-та жарияланды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлерінің шағымына байланысты кешенді қызметтік тексеріс өткізіп жатыр және Мелдешов өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді.

ХБО-дағы шулы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысынан соң қызметкерлерді жұмыстан шығаруға ғана емес, ұйым құрылымын өзгертуге үш айға тыйым салынды.

Жаңалықтар
0