АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik.Елордамыздың бірнеше көшесінде жөндеу жұмыстарына байланысты автокөлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады Астана Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Рысқұлов көшесі бойын асфальт және бетонмен жабу жұмыстарына байланысты 26-28 мамыр күндері Мәңгілік ел көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Сонымен қатар, қалалық билік өкілдері Бейсеков көшесі бойында Қосшығұлұлы көшесінен Тілендиев даңғылына дейін инженерлік желілер құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты 28 мамыр күні 21:00-ден 9 маусым 06.00-ге дейін аталған бөлікте көлік құралдарының қозғалысы шектелмек.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағдарын алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.