Қоғам

Есіл өзенінде вокзал мен такси қызметі пайда болады

© Photo : акимат города АстаныТеплоход
Теплоход - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есіл өзенінде вокзал ашылады

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Келесі жылы елордамыздағы Есіл өзенінде вокзал пайда болады. Сондай-ақ, өзендегі такси қызметін іске қосу мәселесі жоспарланған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.

Аялдама - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада автобусқа арналған жолақты ЭКСПО-дан кейін алып тастауы мүмкін

"2008 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес "Есілдегі кеме арнасын дамыту" (судоходный Есиль) жобасы әзірленді. Бүгінде аталған жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Соның бірі – Есілдегі кемежай, яғни өзен вокзалын ашу. Қазіргі күні кемежай құрылысының нақты орны белгіленді, ол Ш.Бейсекова көшесінің төменгі жағында болмақ", — деді Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында "Астана Есіл" МКК директоры Қанат Алин.

Оның айтуынша, өзен вокзалы порттық тиегіш, блоктар мен қажетті шеберханалармен жабдықталады.

"Сондай-ақ 2015 жылы шілдеде Есіл өзені Қазақстанның кеме жүзетін өзендерінің реестіріне енгізілді. Сондықтан, біз бұл жаңалықпен мақтана аламыз. Жобаның тағы бір мақсаты — Есіл өзенінде қатынайтын өзен таксиін қолданысқа енгізу. Сыйымдылығы 8 адамдық шағын кемелер жолаушыларды Есіл өзінінің акваторийі шеңберінде қалаған жеріне жеткізетін болады", — деді ол.

Жаңалықтар
0