Қоғам

Астанада автобусқа арналған жолақты ЭКСПО-дан кейін алып тастауы мүмкін

© Sputnik / Ксения ВоронинаАялдама
Аялдама - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда билік өкілдері алдағы екі-үш жыл ішінде жаңа жолайырықтар мен көпірлер салып, жеңілрельсті көлікті іске қоспақ

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Астанада енгізілген Bus Lane жолақтар саны ЭКСПО-2017 көрмесі өткеннен соң азаюы мүмкін, деп хабарлады Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Автобус на остановке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада тағы бірнеше көшеде автобусқа арналған жолақтар пайда болады

"Қала тұрғындарының тарапынан наразылықтың туындауы түсінікті, бірақ қазіргі таңдағы автомобилизация деңгейін ескерер болсақ, бұл жолдарға әжептәуір салмақ салады. Кешенді жоспарда қарастырылғандай, жедел шаралар мен орташа мерзімді жобалар іске асырылмақ, яғни екі-үш жыл ішінде қосымша жолдар мен жолайырықтар, көпірлер салып, LRT жүйесін іске қосамыз… Сол себепті, қала тұрғындарына айтарым, тамыз айында Bus Lane жолақтарының жұмысын жалпылама саралайтын боламыз. Көрме біткен соң, қай жолақтардың алынып тасталатыны белгілі болады", — деп мәлімет берді Игенбердиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылы 3 маусымнан бастап Астанада қоғамдық көлікке арналған қосымша жолақтар пайда болады, оның жалпы ұзындығы 40,6 километрді құрайды.

Жаңалықтар
0