Қоғам

"Феникс" фильміне қатысты іс: сотталушылар бас бостандығынан айырмауды сұрады

© Sputnik / Сергей КимТалғат Жәнібеков пен Гаухар Искакова
Талғат Жәнібеков пен Гаухар Искакова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Феникс" фильмінің түсрілімі кезінде қаражат жымқыру ісі бойынша үкім 30 мамыр күні шығарылады

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. "Феникс" фильмініне бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды және жымқыруға көмектесті деген айып тағылған түсірілім тобы мүшелері сотта соңғы сөздерін сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Істің басты фигуранттары — танымал актер және продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов, фильм режиссері Талғат Жәнібеков, "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы бойынша атқарушы директоры Гауһар Искакова.

"Жасаған іс-әрекетімде қылмыс құрамы болмағандықтан, маған қатысты сот қудалауын тоқтатуды сұраймын", — деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Талғат Жәнібеков пен Гаухар Искакова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Феникс" фильмінің режиссері сотта айыбын мойындады

Гауһар Искакова өзі және өзге тұлғалар үшін пайда түсіру мақсатында қызметтік өкілеттігін пайдаланбағанын атап өтіп, "Рақымшылық" туралы бапқа сәйкес үкім шығаруды өтінді.

Режиссер Талғат Жәнібеков кішкентай балалары мен кәрі шешесінің барын айтып, жазаны жеңілдетуді сұрады.

"Соттың маған рақымшылық жасауын қалар едім", — деді ол.

Істің қалған фигурнаттары соттан бас бостандықтарынан айырмауды өтінген. Үкім 30 мамыр күні шығарылады.

Жаңалықтар
0