АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. №2 Медеу аудандық сотында танымал әртіс Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша сот талқылауы өтті, ол "Феникс" фильмі түсірілімінен қаражат қымқырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
Сотталушылар қатарында тоғыз адам: әртіс Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссер Талғат Жәнібеков, "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина, "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры Гаухар Искакова, фильм редакторы Ғизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, фильмнің екінші режиссері Бижан Әбішев, "Феникстің" даярлық кезеңіндегі түсірілім тобының директоры Мәрлен Әбішев және Жаманқұловтың компаниясымен серіктес ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров.
Оларға "Феникс" фильмін түсіруге бюджеттік қаражаттан бөлінген 69 миллион теңгедей соманы қымқырды және қымқыруға көмектесті деген айып тағылған. Сот талқылауы барысында фильм режиссері Талғат Жәнібеков айыбын мойындады.
"Қайтейін енді, мойындаймын, әрине", — деді Жәнібеков.