Қоғам

Өгей шешесі өлтірген оқушының туған анасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді

© Sputnik . Данияр ДауталиевӨркен Азаматұлының анасы
Өркен Азаматұлының анасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланы өлтірген өгей шешесі 25 жылға бас бостандығынан айырылды: Қазақстанда әйелдер өмір бойына сотталмайды

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Өгей шешесі өлтірген оқушы Өркен Азаматұлының анасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқушы өліміне қатысты сотқа келгендер айыпталушыларды өмір бойына соттаңдар деп шулады - Sputnik Қазақстан
Видео
"Өмір бойына соттау керек!" - оқушы өліміне қатысты соттан видео

"Үкім әділ емес, өмір бойына соттау керек еді. Қазақстан заңнамасында әйелдерді өмір бойына соттау қарастырылмаған, сол себепті ең ұзақ жаза мерзімі — 25 жыл берді. Кәмелеттік жасқа толмаған Қадыржан заңнама бойынша ең ұзақ мерзім 12 жылға сотталды. Сол себепті судья әділ шешім шығарды деп ойлаймын. Тек Темірге берілген жаза мерзіміне көңілім толмайды. Ол кәмелеттік жасқа толған, өмір бойына соттауға болар еді. Неге аз мерзім бергенін білмеймін", — деді оқушының анасы Айжан Қыдырмолданова.

Оның айтуынша, келтірілген зиянды төлету үшін арыз беруді сот актісі қолдарына тиген кезде бір-ақ шешеді. Үкімге шағым түсіру ойларында жоқ.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Айман Омарова сот шешімімен келісетінін атап өтті. Ал Шәрипа Ақбердиеваның адвокаты Орман Қайдарбеков қорғалушысы ең ауыр жазаға кесілгенін айтты.

Жаңалықтар
0