Видео

"Өмір бойына соттау керек!" - оқушы өліміне қатысты соттан видео

Жазылу
Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 11 жасар оқушыны өлтірді деп айыпталғандарға қатысты үкім шықты

Сотталушылар бес адам: өлтірілген баланың өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Қадыржан Гулямов, сонымен бірге Руслан Мүтәлиев.

Шәрипа Ақбердиеваға жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 25 жылға, Темір Ақбердиевке толық қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 23 жылға, Қадыржан Гулямовке жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 12 жылға, Айдана Ақбердиеваға  жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 16 жылға, Руслан Мүтәлиевке толық қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Алайда сот отырысына қатысушылар шығарылған үкімге риза болмады. "Өмір бойына соттау керек еді! 25 жыл – аз!", — деген дауыстар естіліп жатты. 


Жаңалықтар
0