Оқиға

Өгей баласын өлтірді деген Ақбердиева 25 жылға сотталды

© Sputnik / Медиабанкке өтусот алдында жауап беріп отырған әйел
сот алдында жауап беріп отырған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел отбасылық проблемаларға байланысты балаларының көмегімен өгей баласын өлтіруді ұйымдастырған

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Брікжан Байжүнісов өзінің өгей баласын өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылған Шәрипа Ақбердиеваға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.  

Сотталушылар 5 адам: өлтірілген баланың анасы Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Кәдіржан Гүләмов, сонымен бірге Руслан Мүтәлиев. 

Оқушыны өлтіру ісі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдағы оқушы өлімі: Шәрипа Ақбердиева ұлының жазасын қатаңдатуды сұрады

Шәрипа Ақбердиеваға жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 25 жылға, Темір Ақбердиевке толық қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 23 жылға, Қадыржан Гулямовке жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 12 жылға, Айдана Ақбердиеваға   жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 16 жылға, Руслан Мүтәлиевке толық қауіпсіздік мекемесінде өтеумен – 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

© Sputnik / Данияр ДауталиевӨзінің өгей баласын өлтірді деген айып тағылған Шәрипа Ақбердиеваға үкім шықты
Өзінің өгей баласын өлтірді деген айып тағылған Шәрипа Ақбердиеваға үкім шықты - Sputnik Қазақстан
1/3
Өзінің өгей баласын өлтірді деген айып тағылған Шәрипа Ақбердиеваға үкім шықты

2/3

3/3

Соңғы сөзінде Шәрипа Ақбердиева өзінің ұлы Темір Ақбердиев пен оның өгей інісі Қадыржан Ғұламовтың бұдан бұрын прокурор сұраған жаза мерзіміне тағы 5 жылдан қосуды сұрады. Сондай-ақ ол  қамаудан қызы – Айдананы босатуды сұрады. 

Темір Акбердиев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Прокурор Алматыдағы оқушының өліміне қатысты мән-жайды ашты

Бұдан бұрын Шәрипа Ақбердиева кінәнің бәрін өз мойнына алып, оны мұндай қадамға ненің итермелегенін айтқан болатын.

Әйелдің сөзіне қарағанда, Өркеннің әкесі 12 жыл бойы оған көмектеспепті және бала тәрбиесіне де көңіл бөлмеген. Оны Шарипаның өзіне асырауға тура келген. Міндеттердің осылай бөлінгеніне қарамастан, ер адам үйден кету туралы шешім қабылдайды. Соңғы сөзінде Шарипа Ақбердиева мен қалған төрт сотталушы Өркеннің туыстарынан кешірім сұрады.

Айта кетейік, Өркен Азаматұлы 19 қаңтар күні сабақтан шығып, үйіне оралмаған. Полицияға баланың жоғалып кеткені туралы оның әжесі арыз жазады. Кейінірек, баланың денесі табылған болатын. Өркенді өлтірді деген күдікке оның өгей шешесі ілініп отыр.

Жаңалықтар
0