АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Іс-шараның басты мақсаты соңғы оқиғаларға қатысты ХБО қызметкерлерінің ұстанымын түсіндіру мен талқылау болып қалады.
"Болашақ" бағдарламасы туралы хатқа қойылған қолдың біразы "жалған" болып шықты.
Баспасөз-мәслихатында орталықтың бұрынғы және қазіргі қызметкерлерінің Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура және Білім министрлігіне жүгінулеріне қатысты мәселелер көтеріледі. Сонымен қатар қызметкерлердің пікірлері келтірілетін болады.
Мәслихатқа жұмыстан кеткен және қазіргі қызметкерлер мен қоғам қайраткері Мұқтар Тайжан қатысып отыр.