АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Қазақстан мектептерінде түлектер кеші 15 маусымға дейін өтеді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Министрлік мектеп бітіруші түлектердің кешін 15 маусымға дейін өткізу керектігін ескертеді. Ал аттестаттарды табыстау мектеп әкімшілігінің шешімімен 10-12 маусым аралығында өткзілуі тиіс.
Биыл республика бойынша 136 мың 269 оқушы мектеп бітіреді. Олардың ішінде 90 мың 804 адам қазақ тілінде оқыса, 39 мың 334 адам орыс тілінде оқиды, ал өзге тілде білім алушылар саны — 6 мың 131.