Қоғам

Сағадиев оқушылардың жазғы демалысы қалай өтетінін айтып берді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушылардың жазғы демалысы қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-ға байланысты Астанада оқу жылы кешірек басталуы мүмкін

"Жазғы каникул кезiнде балалар демалысы мен бос уақытын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Денсаулық лагерьлерiн қабылдау жөнiндегi комиссия шеңберiнде ҚР IIМ, Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп республикалық және аймақ деңгейiнде бiрнеше жиналыс өткiзiлдi. Биылғы жылы 1-10 сынып оқушылары — 2 млн 671 мың бала", — деді Сағадиев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшiн республикада 14 мыңға жуық денсаулық лагерi мен алаң жұмыс iстейдi. Олардың саны 2016 жылмен салыстырғанда 10 пайызға өскен.

"Жазғы лагердегi демалыспен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 1 млн 655 мың бала немесе 61 пайыз қамтылады деп отырмыз. Каникул кезiнде балалар үшiн қосымша сабақпен айналысудың әртүрлi жолдары қарастырылып отыр. Жазда 600-ден астам олимпиялық мектеп, 2 мың тiлдiк мектеп, 10 мың шығармашылық орталық, 14 мың спорттық-туристiк бағыттағы ұйым, 15 мың еңбек және демалыс орманшылық лагерi мен топтары жұмыс iстейдi, — дедi министр.

Жаңалықтар
0