АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Сенаторлардың дауыс беру нәтижесі бойынша Конституциялық кеңестің мүшесі болып Рахмет Мұқашев сайланды.
"Ол Жоғарғы кеңестің депутаты, Парламент мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа бойынша комитетінің төрағасы болған еді. Заңгерлік жұмыстағы мол тәжірибесін ескере отырып, оны ҚР Конституциялық кеңесінің мүшелігіне лайықты үміткер деп санаймын", — деді Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сенат депутаттары жалпы отырыс барысында өкілеттік мерзімі аяқталған Убайдулла Стамқұловты Конституциялық кеңес мүшесі өкілеттігінен босатуды мақұлдады. Бұл лауазымға бұдан бұрын ұсынылған үміткер Рахмет Мұқашев сайланды.