Саясат

28 маусым күні елімізде сенат депутатының сайлауы өтеді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан парламенті
Қазақстан парламенті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет пен өңір басшыларына материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды

АСТАНА, 27 сәуір  — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындауды қаулы етті. 

Осыған орай, Қазақстан Республикасының үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.


Жаңалықтар
0