Өңірлер

Қостанайда қылмыстық топ ұрланған көліктерді сатумен айналысқан

© Sputnik / Александр Мазуркевич / Медиабанкке өтуСотта
Сотта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей аумағында ұрланған көліктерді Қазақстанда сатумен айналысатын қылмыстық топ құрамында жемқор шенеуніктер мен полицейлер болған

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Құрамына Қостанай облысы полициясының қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары енген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Ресей Федерациясында ұрланған қымбат көліктерді Қостанай облысы аумағында сату схемасын құрды деген айыппен сәрсенбі күні сот алдына келеді, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Көлік ұрлаушы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысында құны 30 миллион теңге көлікті айдап әкеткен

Іс материалы бойынша, 2015 жылдан 2016 жылға дейін Қостанай облысы аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ құрылған.

"Құрамына Қостанай облысы мемлекеттік органдарының жемқор лауазымды тұлғалары енген қылмыстық топ арнайы қылмыстық схемамен әрекет етіп, адамдардың сеніміне кіріп, алдап-сулап, жалған құжаттар жасаумен айналысқан. Көрсетілген уақыт аралығында қылмыстық топ Ресей Федерациясында ұрланған шетелдік қымбат көліктерді Қостанай облысы аумағында және Қазақстанның басқа өңірлерінде заңсыз сатқан", — деп хабарлайды сот.

Қылмыстық топтың басшылығы қылмысты мұқият жоспарлапты.

"Ешкімге сыр білдірмес үшін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бәрі бірдей бір-бірін танымаған, бір-бірінің қылмыстық рөлі жайында білмеген және қылмыстық схеманың жекелеген бөліктерінде ҰҚТ нұсқауына сүйенген", — деп атап өтті сот.

ҰҚТ мүшелері Қазақстан Қылмыстық кодексінің бірқатар бабы бойынша айыпталады: 190-бап 4-бөлік 1-пункт, 262-бап 2-бөлік, 361-бап 4-бөлік 1-пункт, 384-бап 3-бөлік, 389-бап 3-бөлік.

Бұл баптар бойынша ең ауыр жаза — 10 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу және бірқатар лауазымды иеленуге өмір бойына тыйым салу.

Жаңалықтар
0