АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Көлік тұрағы аумағынан құны 30 миллион теңге жол талғамайтын көлікті айдап әкетті деген күдікпен Астана тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, күдікті автокөлік тұрағы күзетшісінің салғырттығын пайдаланып, Lexus LX 570 көлігін таңғы бес кезінде айдап әкеткен. Ұрлықты автокөлік иесі байқап, бірден полицияға хабар береді.
Ұрлықшы Қарағандыдан 80 шақырымдай қашықтықта Ошағанды ауылында ұсталды. Қазіргі уақытта 34 жастағы Астана тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалған.