Саясат

Президенттің әлеуметтік маңызы бар кейбір өкілеттіктері Үкіметке беріледі

© Sputnik / Болат ШайхиновҮкімет
Үкімет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу жөнінде жұмыс тобын құрды

Әділет министрі Марат Бекетаев Елбасының арнайы үндеуінде мемлекеттік биліктің тармақтары арасында Президенттің заң деңгейінде бекітілген кейбір өкілеттіктерін қайта бөлу туралы тапсырма бергенін атап өтті. Ал арнайы жұмыс тобы қайта бөлуге жататын өкілеттіктерді анықтады, олар — әлеуметтік-экономикалық салаларды реттейтін президенттік өкілеттіктер. Әділет министрлігі өз кезегінде тиісті заң жобасын әзірледі.

Сонымен, төрт кодекске және жиырма екі заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген.

"Бірінші бағыт бойынша Үкіметке Президенттің экономикалық үдерістерді реттеу саласындағы келесі өкілеттіктерін беру ұсынылады: индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы экономиканың басым секторларын айқындау; арнайы экономикалық аймақтарды құру; Ұлттық Банк пен тиісті уәкілетті органдардың бірлескен ұсынысы негізінде арнайы валюталық режимді енгізу; мемлекеттік-жекешелік әріптестік мақсаттарына берілмейтін объектілер тізбесін айқындау", — деп баяндады Бекетаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасына сәйкес теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу мүмкіндіктері туралы шешімді енді Үкімет өзі қабылдайтын болады.

Мәжіліс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұлттық мүддеге зиян тигізген адамды азаматтықтан айыратын заң жобасы мақұлданды

Сонымен қатар, Президенттің және Президент Әкімшілігінің келісімімен жүзеге асырылатын өкілеттіктерді мемлекеттік жоспарлау жүйесін анықтау және жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдау секілді өкілеттіктерді беру ұсынылып отыр.

"Екінші бағыт Президенттің әлеуметтік маңызы бар кейбір өкілеттіктерін беруді көздейді. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңында мерекелік күндер тізбесін бекіту өкілеттігін Үкіметке жүктеу қарастырылады. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, үстемеақылар белгілеу тәртібін айқындау өкілеттіктерін Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Үкіметке беру ұсынылады. Сонымен бірге, заң жобасы қайырымдылықты ынталандыру мақсатында қолданылатын қайырымдылық субъектілеріне құрметті атақтарды белгілеу және беру тәртібін Үкіметтің бекітуін көздейді", — деді министр.

Үшінші бағыт Президенттің кейбір ұйымдастырушылық сипаттағы өкілеттіктерін беруді көздейді. Осылайша, Үкіметке облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекараларын анықтау, айрықша стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізімін анықтау және тағы басқа өкілеттіктерді беру жоспарланған.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау тәртібін Президенттің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындау өкілеттігі Үкіметке беріліп отыр.

"Заң жобасы Президенттің шетелдік қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде міндетті арнайы тексеруден өткізу тәртібін анықтау өкілеттігін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді көздейді. Заң жобасы билік құрылымдарының жұмысын қазіргі заман талаптарына сай етіп ұйымдастыруға бағытталып отыр", — деді Марат Бекетаев.

Жаңалықтар
0