Қоғам

Ұлттық мүддеге зиян тигізген адамды азаматтықтан айыратын заң жобасы мақұлданды

© Sputnik / Болат ШайхиновМәжіліс
Мәжіліс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Қазақстандықтар қылмыстық кодекстің 21 бабы бойынша қосымша жаза ретінде азаматтықтан айырылатын болады. Аса ауыр террористік қылмыстар және Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізген адамдарды Қазақстан азаматтығынан айыру қарастырылған заң жобасын бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұсынылып отырған заң жобасының мақсаты – заңнамалық актілерді ҚР Конституциясындағы түзетулерге сәйкес келтіру. Жоба ҚР президентінің жарлығын орындау мақсатында әзірленді", — деп баяндады Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Сонымен, Конституцияға сәйкес келтіру үшін 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізіледі. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 21 бабында азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жаза көзделіп отыр.

Временная регистрация - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтардың қандай қылмыс үшін азаматтықтан айырылатыны белгілі болды

"Осылайша, қылмыстық кодекстің 10 бабында көзделген 14 аса ауыр террористік қылмыс құрамдары бойынша азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза ретінде ұсынылып отыр.Мысалы, терроризм актісі үшін, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысқаны үшін", — деді Бекетаев.

Қалған 11 бап Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізуге байланысты.

"Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңына сәйкес негізгі ұлттық мүдделерге Конституциялық құрылыстың тұтастығы жатады. Бұл ұғымға елдің тәуелсіздігі, біртұастығы және президенттік басқару нысаны кіреді. Қазақстанның негізгі ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізетін қылмыстарға 11 бапта көзделген 16 қылмыс құрамдары кіреді. Мысалы, геноцид, сепаратистік әрекет, экстермистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу", — деді Бекетаев.

Временная регистрация - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бекетаев азаматтықтан айыру туралы: заңның ешқандай саяси астары жоқ

Оның атап өтуінше, бұл жазаны сот ерекше жағдайларда жасалған іс-әрекеттердің және әкеп соққан зардаптың ауырлығын, істің нақты мән-жайын негізге ала отырып тағайындайды. Азаматтықтан айыру соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде уәкілетті органда тіркеледі.

"Жеті заңның нормаларында "ұлтаралық" деген сөз "конфессияаралық" деген сөзбен толықтырылды. Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту бойынша, Ұлттық банк, дипқызмет, әділет органдары туралы ережелер қайта қарастырылады. "Құқықтық актілер туралы" заңда Президенттің заңдарды және заң күші бар жарлықтарды қабылдауы туралы ереже алынып тасталды", — деді ол.

Бұдан бөлек, әкімдерді тағайындау және босату тәртібі енді заңмен анықталатындықтан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына түзетулер енгізіледі. Сонымен бірге, Президент әкімшілігі заң жобасын прокуратура жүйесі мен сот қызметіне қатысты түзетулермен толықтыруды ұсынған.

"Бірінші топтағы түзетулер Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен парламент мәжілісінің қарауына енгізілетін жаңа редакциядағы "Прокуратура туралы" заң жобасымен байланысты. Екінші топтағы түзетулер кассациялық сатымен қарастырылатын істердің нысанымен және судьяға кандидаттарға қойылатын талаптармен байланысты", — деді Бекетаев.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын енді Мәжіліс екінші оқылымда қарайтын болады.

Жаңалықтар
0