АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында соққан қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырып, автокөліктерге зақым келтіріп, ағаштарды жұлып әкетті.
22 мамыр күні жедел қызметтер дабылды ескерту жариялаған болатын: 23 мамырда түнде желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 25 м/с дейін болады де күтілген.
23 мамырда бүкіл облыста үш рет қауіпті метеорологиялық құбылыс орын алды.
Атбасарда күндіз сағат үштен соң қатты дауыл салдарынан бес қабатты тұрғын үй мен "№1 өнеркәсіптік-техникалық колледждің" төрт қабатты ғимаратының шатыры бұзылды.
![Атбасарда соққан желдің салдары Атбасарда соққан желдің салдары - Sputnik Қазақстан](https://sputnik.kz/img/232/74/2327492_0:0:1152:864_600x0_80_0_0_2f9e9145739981a57d53be3d16601784.jpg)
Степногорда кешкі сағат бес жарым кезінде жылдамдығы 30 м/с жел "Жұлдыз" жаздық мейрамханасының шатырын құлатты, салдарынан үш жеңіл көлікке зақым келген.
![Степногорда соққан қатты желдің салдары Степногорда соққан қатты желдің салдары - Sputnik Қазақстан](https://sputnik.kz/img/232/68/2326813_0:155:1279:960_600x0_80_0_0_5f92f616a699d6ca89798d6fdcf116c8.jpg)
![Степногорда соққан қатты желдің салдары Степногорда соққан қатты желдің салдары - Sputnik Қазақстан](https://sputnik.kz/img/232/67/2326721_0:119:1279:924_600x0_80_0_0_d526155e8887626a09d2fe2eaedead25.jpg)
![Степногорда соққан қатты желдің салдары Степногорда соққан қатты желдің салдары - Sputnik Қазақстан](https://sputnik.kz/img/232/66/2326650_0:0:1280:804_600x0_80_0_0_5a8cc90527821144129cba4163505cde.jpg)
Атбасар ауданы Новосельское ауылында кешкі сағат тоғыз шамасында қатты жел орта мектептің шатырын ұшырып әкеткен, сондай-ақ 16 су ағызғышқа зиян келген.
Барлық оқиғада зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.