Өңірлер

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат ШайхиновИнженер-синоптик Саида Бердібекова
Инженер-синоптик Саида Бердібекова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады "Қазгидромет"
Прогноз погоды в РК на 23-25 мая

"Оралдағы циклонға байланысты фронттардың поляр және арктикалық жүйесі Қазақстан аумағы арқылы ауысады. Осы фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде кей жерлерде жауын жауып, күн күркіреуі, жел ұйытқып, бұршақ түсуі ықтимал", — деді инженер-синоптик Саида Бердібекова.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді. 24-25 мамырда ауа температурасы көпжылдық норма деңгейінде немесе одан төмен болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана температура климаттық нормадан асады, алайда өтпелі жаңбыр жауып, күн күркірейді.

"23 мамырда Астана мен Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланған. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін ұйытқиды", — деп ескертеді синоптиктер.

Жаңалықтар
0