Экономика

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Қолжетімді баспанаға" бөлінген қаржыны толық игермеген

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуБаспана
Баспана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нәтижесінде 161 мың шаршы метр баспана салынған жоқ

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Есеп комитеті "Самұрық-Қазына" қорының құрамындағы үш компанияның бюджеттен қаражат бөлінгенімен, 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға бермегенін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан
Экономика
Депутаттар "Самұрық-Қазына" қорының 10 трлн теңгеге жуық қарызына алаңдаулы

"Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың тікелей және соңғы нәтижесі қамтамасыз етілмейді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2011-2012 жылдары "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының қатысушыларын кредиттеуге және жарғылық капиталды арттыруға бөлінген 21,7 миллиард теңгені игермеген. 161 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген жоқ", — деп мәлімдеді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова "Самұрық-Қазына" АҚ-да мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігі туралы" тақырыбын арқау еткен отырыста.

Ал "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ құны 26,3 миллиард теңгеге 176 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үйді салып бітірмеген.

"Байтерек Development" компаниясы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында қарастырылған аумағы 79 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсырмады", — деді ол.

Есеп комитеті мүшесінің атап өтуінше, кейбір квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерді басқару деңгейі төмен. Ал осы салаға бөлінетін қомақты бюджеттік қаражат уақытында игерілмейді.

Жаңалықтар
0