Экономика

Депутаттар "Самұрық-Қазына" қорының 10 трлн теңгеге жуық қарызына алаңдаулы

© Photo : АО "Самрук-Казына"Самрук-Казына
Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Самұрық-Қазына" қорының қарызы квазимемлекеттік сектор берешегінің 70 пайызы шамасында

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. 2016 жылдың соңына қарай "Самұрық-Қазына" қорының 9 трлн 938 млрд теңге қарызы болған. Бұл квазимемлекеттік сектордың барлық қарызының 70 пайызы шамасында, деп хабарлады Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

"Қордың қарызы 2016 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 трлн 352 млрд теңгеге азайған. Яғни, біз көтеріп жүрген мәселе бойынша қор жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, 2016 жылдың соңына қарай қордың 9 трлн 938 млрд теңге қарызы болған, бұл 29,8 млрд доллар. Яғни, квазимемлекеттік сектордың барлық қарызының шамамен 70 пайызы қорға тиесілі", — деп мәлімдеді Сабильянов "Самұрық-Қазына" АҚ-да мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігі туралы" тақырыбын арқау еткен отырыста.

Оның ішінде үкімет қарызы — 3 трлн 52 млрд теңге, өзге қарыздар — 6 трлн 889 млрд теңге.

ҚР Ұлттық банк - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк төрағасы Әзербайжан банкіне салынған зейнетақы ақшасына қатысты пікір білдірді

"Осы қарыздың және борышқорлық қағаздардың пайыздарына "Самұрық-Қазына" қоры өткен жылы 320 млрд теңге жұмсаған. Бұл әрине көп, қор үшін үлкен салмақ. Сондықтан қарызды өтеуге қызмет көрсетуіне үлкен ақша сомасы жұмсалатынын, қор компанияларының төлеуге қабілетсіздік жағдайында қарызды төлеу бюджет есебінен жүзеге асатынын ескере отырып, алынған табыстарды, бос қаражат және басқа да пайыздарды болашақта осы қарыздарды өтеуге жұмсау керек деп есептеймін", — деді экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

Сонымен қатар, 2017 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры кредит мекемелері мен банктерге 2 трлн 354 млрд теңге депозит ретінде салған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 195 млрд теңгеге көп. Бірақ, депутаттың атап өтуінше, алған сыйақысы бар жоғы 124 млрд. теңге.

"4 трлн 450 млн теңгені алдағы бес жылда "Самұрық-Қазына" қоры қайтаруы керек. Бұл үлкен сома және шешуді қажет ететін маңызды мәселе", — деді депутат.

Жаңалықтар
0