Экономика

Ұлттық банк төрағасы Әзербайжан банкіне салынған зейнетақы ақшасына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Максим МасловҚР Ұлттық банк
ҚР Ұлттық банк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БЖЗҚ-ның 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжанның халықаралық банкіне инвестицияланған болатын

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik.Ұлттық банк Әзербайжанның халықаралық банкіне салынған қазақстандықтардың зейнетақы жинағына қатысты жағдайға сәрсенбі түсініктеме береді, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

"Ертең Алматыда баспасөз мәслихаты өтеді, барлық сұрақтарға жауап береміз", — деді Ақышев үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Ақышев осы уақытқа дейін Ұлтттық банк неге үнсіз отырғанын айтты.

Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мемлекет кепілдік береді: БЖЗҚ шығыны бюджет есебінен өтелмек

"Бұл ақпарат пысықталып жатыр, үкімет, премьер-министр, мемлекет басшысы танысуы тиіс, шешім қабылданғаннан кейін Ұлттық банк осы ақпаратты жариялайды", — деді ол.

Айта кетейік, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжанның халықаралық банкіне инвестицияланғаны мәлім болды.

Белгілі болғандай, өткен жылдың қорытындысы бойынша Әзербайжан банкінің шығыны миллиард доллардан асып жығылған, банк төлемдер бойынша өз міндеттемесін орындай алмай, банкроттық туралы сотқа өтініш берген.

Қазіргі уақытта шетелдік банкке инвестицияланған қазақстандықтардың зейнетақы ақшасы қайтарылмай қалуы мүмкін деген қауіп айтылып қалып жатыр.

Жаңалықтар
0