АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жауын жауады, оңтүстік-шығыс пен шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал, солтүстік-батыста кей жерлерде — тұман, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитет сайты.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел күшейеді 15-20, күндіз ұйытқуы 25 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде ұйытқуы 23-28 м/с. Қостанай облысында түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз екпіні 15-20, кей жерлерде ұйытқуы 25 м/с.
Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде — желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау, Қостанай облыстарында кей жерлерде — тұман. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Алматы, Қарағанды облыстарында кей жерлерде ауа райы қапырық ыстық болады. Қарағанды облысында кей жерлерде өрт қаупі өте зор.