АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Грузияның Қазақстандағы елшілігі Астанада көз жұмған Грузия азаматы Арчил Давитадзенің отбасымен үнемі байланыста отыр, деп хабарлайды Sputnik Грузия.
Грузия азаматы Арчил Давитадзе 18 мамырда із-түзсіз жоғалып кеткен, үш күннен соң оның денесі саяжай массивінен табылды. Полиция қызметкерлері Грузия азаматы Арчил Давитадзенің өлімі дерегі бойынша "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабына сәйкес тергеу ісін бастаған.
"Бірінші күннен бастап елшілік оның отбасымен үнемі байланыста болды. Грузиядағы отбасы да болған оқиғаның мән-жайын біледі", — деп мәлімет берді Грузия сыртқы істер министрлігі.
Сыртқы саясат ведомствосы Давитадзенің мәйітін Грузияға жеткізу туралы ақпаратты білмейді. Оны қаза тапқан азаматтың отбасы шешеді, деп атап өтті СІМ.
Давитадзе Астана тұрғынына үйленген, Қазақстанда тұруға ықтияр хаты болған. Арчилдің соңыннан жары Марина Пашковская мен кішкентай қызы қалды.