Өңірлер

Қарағандыда заңсыз жұмыс істеп жүрген өзбектер анықталды

© Photo : ДВД Карагандинской областиЕңбек мигранттары
Еңбек мигранттары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыда құрылыс басынан елуден астам өзбекстандық мигрант табылған

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Полицейлер Қарағандыда салынып жақтан құрылыста елуден астам мигранттың  заңсыз жұмыс істегенін анықтады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сеул көшелері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Оңтүстік Кореяда екі мыңға жуық қазақстандық заңсыз жүр

Ведомство атап өткендей, Қазақстан аумағында 22-24 мамыр аралығында "Заңсыз-2017" атты жедел профилактикалық іс-шараның бірінші кезеңі өткізілген. Іс-шараның бірінші күнінде Қарағандыдағы құрылыс нысандарының бірінен 56 шетел азаматы анықталды. Шетелдіктер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жұмыс берушілерге қатысты Қазақстан заңнамасын бұзып, шетелдік еңбек күші мен еңбек мигранттарын жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылуда.

Жаңалықтар
0